Қытайдың ірі телекоммуникация компаниясы саналатын Huawei АҚШ санкциясына қарсы тұруға тырысып бағуда. Компания басшылығы чиптерді ірі масштабта топтан, Құрама Штаттың қысымына қарсы тұру шараларын қабылдаған. Бұл туралы компания басшылығы арнайы мәлімдеме жасаған.
Аталған компанияның негізін қалаушы және бас директоры Рен Жыңфи сөзінде: «Huawei 5G бағдарламасына АҚШ санкциялары кедергі бола алмайды. Жақынғы 3-4 жылда өзге компаниялар бізді қуып жете алмайды», – деген.
АҚШ үкіметінің айыптауынан кейін, Google компаниясы «Хуавей» ұялы телефондарының жүйесін жаңартуды тоқтататынын мәлімдеді. Анықтап айтқанда, аталған компанияның жаңа телефондары үшін Google бағдарламалары қолжетімді болмайды.
Бірнеше жылдан бері АҚШ үкімет Қытайдың аталған ең ірі телекоммуникация компаниясын тыңшылық, санкциядан жалтару және технология ұрлығымен айыптап келеді. Сондай-ақ, аталған компания Қытай Коммунистік партиясымен құпия тығыз байланыс орнатқан деп қарайды.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті