Сүрияның үкімет әскері одақтастарының көмегімен "Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік ұйымы басып алған Пальмираның тарихи қамалын қайтарып алған. Бұл жөнінде "Хезболла" ұйымының басылымына сілтеме жасап Reuters агенттігі хабарлайды. Әскерилер қаланың оңтүстік-батысындағы сарайды да бақылауына алған.
27 ақпанда Сирия президенті Башар Асад режимінің әскері Пальмираның оңтүстік-шығысындағы стратегиялық тарихи қамалды алған. ИМ бақылауына алған қалаға шабуылды ақпан айының басында бастаған.
Пальмираны бірінші рет 2015 жылдың мамыр айында басып алған. Бірақ бір аптаға созылған соғыста үкімет әскері қайтадан кейін шегінген. Экстремистер тарихи ескерткіштерді бұзып, археолог Халед әл-Асаадты өлтірген.
2016 жылдың басында Сирия үкіметі әскері мен Ресей авиациясының көмегімен Пальмира Асад режимінің армиясының бақылауына өткен еді. Алайда желтоқсан айында ИМ қаланы қайта басып алды.
“The Qazaq Times”