АҚШ президенті Дональд Трамп Қытаймен сауда соғысында басымдыққа қол жеткізу үшін Федералдық резерв жүйесін де қолдау көрсетуге шақырды. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Федералдық резерв жүйесі ел экономикасының тұрақты өсуіне жебеуші болу керектігін айтты.
Федералдық резерв жүйесі АҚШ-тың ұлттық банкі деуге болады. Трамп бұл жүйе арқылы экономикалық өсімді қамтамасыз етуді қалайды. Ол өзінің мәлімдемесінде сауда соғысындағы қарсыласы Қытай да осы қадамға бара деп болжады.
«Қытай үкіметі өз бизнесмендерінің шығынын бұл жүйеден қаржы аударып, несиелердің пайызын төмендетеді деп ойлаймын. Федералдық резерв жүйесі де Қытай секілді қадам жасаса, онда біз жеңеміз. Қытай қалай да келісімге қол қояды», – деді Трамп өзінің «Твиттер» парақшасында.
АҚШ Федералдық резерв жүйесі Трамптың Ақ үйдегі билікке келгеннен бергі ең аз сынаған саласы. Себебі, ол өзінің жоспарларына қолдау көрсетуі үшін аталған мекеменің жұмысына сын тағып, шамына тиюден аулақ болғысы келеді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау