Түркіменстан БҰҰ-ның үш құрылымына мүше болды.
«Ватан» басылымының хабарлауынша, Түркіменстан 2020-2022 жылдар аралығына Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Атқарушы кеңесіне, 2020-2023 жылдар аралығына БҰҰ-ның Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясына, сонымен қатар, 2020-2024 жылдар аралығына БҰҰ-ның Халықты қоныстандыру және даму жөніндегі комиссиясына мүше боп тағайындалған.
2017 жылы Орталық Азия елдерінде ресми іс сапармен жүрген БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш Түркіменстан астанасы Ашхабадта: «БҰҰ Орталық Азия елдеріне су, энергетика, сауда-саттық, ифроқұрылым жобаларын іске асыруға көмектесуге дайын», – деп мәлімдеген болатын. Осы ретте Біріккен Ұлттар Ұйымымен стратегиялық серіктестікті дамыту мақсатында Түрікменстан халықаралық мәселерді талқылауға тұрақты қатысып келеді.
Қазіргі уақытта Түрікменстанда БҰҰ-ның 7 мамандандырылған агентітктерінің өкілдігі тіркелген. Орталық Азияға арналған алдын алу дипломатиясы жөніндегі БҰҰ Аймақтық орталығы Ашхабатта орналасқанын атап өткен жөн. Сондай-ақ, Нью-Йорк, Вена және Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымдары штаб-пәтерлері жанында Түрікменстанның өкілдіктері бар.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы