Лаңкестер Ресейдің Сүриядағы әскери базасына шабуыл жасады.
"Лаңкестер мамыр айының 2-і күні Хмеймим әуе базасын шабуылдамақ болды. Бірақ Сүрия армиясы олардың шабуылын тойтарып тастады. Әуе базасындағы ресейлік сарбаздар арасында жарақат алғандар мен көз жұмғандар жоқ" - деп мәлімдеді Сүриядағы соғысушы тараптарды бітімге шақыру орталығының басшысы Виктор Купчишин.
Купчишинның сөзінше, шабуылды Кальт Эль-Мудик және Баб Атика елді мекендерін өз бақылауында ұстап отырған лаңкестік топтар ұйымдастырған.