Ресей президенті Владимир Путин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун кездесті.
Кремль баспасөз қызметінің мәліметінше, Путин мен Ким Жоң Ун кездесуі төрт сағатқа созылады. Оның ішінде мемлекет басшыларының жеке кездесуіне бір сағат, ал кеңейтілген кездесуге үш сағат уақыт бөлінген. Кезесу барысында тараптар бірде бір құжатқа қол қоймайды және бірлескен баспасөз мәслихатын өткізбейді. Бірақ кездесуден кейін Владимир Путин журналистер алдына шығып, қысқаша мәлімдеме жасайды деп жоспарлануда.
Путин мен Ким Жоң Ун Владивосток қаласының жанындағы «Русский» аралында кездесті. Бұл Солтүстік Корея басшысының Ресейге жасаған алғашқы сапары.