Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун Ресейге барды.

Ким Жоң Унның брондалған пойызы жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат төртте Ресейдің Приморск аумағындағы Хасан бекетіне келіп тоқтаған. Солтүстік Корея басшысын аймақ губернаторы Олег Кожемяк күтіп алған. Ким Жоң Ун пойызы осыдан кейін Уссурийск қаласына тоқтайды. Онда солтүстік кореялық тепловоздарды электровоздарға ауыстырады.

Естеріңізге салайық, Ресей президенті Владимир Путин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун Владивосток қаласында кездеседі. Бұл сапар КХДР басшысының Ресейге жасап отырған алғашқы сапары. Ол бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен. Бірақ аталмыш кездесуде қос тарап қандай да бір келісімге келе алмаған.

"The Qazaq Times"