"Нұр Отан" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттікке кандидат ретінде қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды.
"Жаңа басшылыққа халық тарапынан көп сенім артылмақ. Сол себепті, мен партия төрағасы ретінде президент сайлауына кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынамын. Ол сенат төрағасы ретінде парламентаризмнің дамуына үлкен үлес қосты. Сондай-ақ, жылдар бойы менің сенімді серігім болды", - деді Назарбаев "Нұр Отанның" ХІХ сьезінде.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР қазіргі президенті. Осы айдың басында, мемлекет басшысы президент сайлауының 9 маусымда өтетінін мәлімдеді. Сонымен бірге, ол сайлаудың әділ өтетініне сөз берді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті