АҚШ ресейлік «Роснефть» компаниясы Венесуэлаға мұнай тасымалдады деген айып тақты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Венесуэланың PDVSA мемлекеттік мұнай компаниясы өнімдері мен есепшоттарын Ресейдің «Роснефть» компаниясына өткізгендігі мәлім болды. Ал «жасырын қызметі» үшін Ресей Венесуэладан көп көлемде қаржы алған. Осыған байланысты АҚШ үкіметі PDVSA компаниясының мұнай өнімдерін сатып алуға санкция енгізген болатын. Сонымен қатар, Венесуэланың Орталық банкіне де санкция жариялап, АҚШ долларын алуға тыйым салынды. Дональд Трамтың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джон Болтонның айтуынша, бұл әрекет – елдің қазіргі президенті Николас Мадуроның әскери қуатын арттыруға көмектесіп отырған Ресей мен басқа елдерге жасалған ескерту. Кеңесші Венесуэлада ресейлік әскерилердің жүруін «арандату» және «ел қауіпсіздігіне төнген қатер» деп атады.
Осыған дейін Венесуэлада орын алып жатқан дағдарысқа тосқауыл болу үшін Ресей Каракасқа әскер жіберген болатын. Ресми Мәскеу «диктатор» атанған Венесэула президенті Николас Мадуроға қолдау блідіретіндігін айтты.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы