Дональд Трамп тағы бір мәрте Конгресс шешіміне вето қойды. АҚШ Конгресі осының алдында Йеменде соғысып жатқан Сауд Арабиясы бастаған коалиция күштеріне әскери қолдау көрсетуді тоқтату шешімін шығарған еді.
Аталған қарар осыдан бір ай бұрын Сенатта 46-қа қарасы 54 дауыспен қабылданған, ал екі апта бұрын Өкілдер Палатасында 247 өкіл мақұлдап басым дауыспен қабылданған шешім болатын.
Президент Трамп Конгресс шешімі Құрама Штаттың ықпалын әлсіретеді деп қарайды. Сенат пен Өкілдер палатасы аталған мәселені талқылап жатқан кездің өзінде, Ақ үй тарабы бұл шешімнің қабылдануына қарсы болған.
АҚШ Конгресі журналист Хашоггидің өліміне және Йемендегі соғыстың жағдайына байланысты әскери қолдау көрсетуді тоқтату мәселесін қарастырған болатын.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы