ОБСЕ Өзбекстан билігін бұқаралық ақпарат құралдарына шектеу қоймауға шақырды.
ОБСЕ-нің Тәуелсіз БАҚ мәселелері бойынша өкілі Арлем Дезир ресми Ташкентті ел аумағында тарайтын бұқаралық ақпарат құралдарына шектеу қоймауға шақырды. Ұйымның ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде «Ферғана», «Озодлик», «Eurasianet.org», «AsiaTerra» және «Uzmetronom» сайттары жөнінде айтылған.
«Біз билік өкілдеріне бірнеше мәрте онлайн-БАҚ саласына реформа жасауды сұрап өтініш білдірдік. Кез келген шектеу халықаралық стандарттар мен заң аясында жүзеге асуы тиіс» -делінген мәлімдемеде.
ОБСЕ өкілдері Өзбекстан билігінің бұқаралық ақпарат құралдарына шектеу қою мәселесіне 2018 жылы қабылданған заңнан кейін назар аударған. Дәл осы жылы ресми Ташкент ғаламторда экстремистік ұстанымдарды насихаттайтын контенттерге тыйым салу жөніндегі заң жобасын қабылдаған. Бірақ ОБСЕ сарапшыларының сөзінше, Өзбекстан билігі әлі күнге дейін сайттар қандай критерилер бойынша бұғатталатынын түсіндірмеген.