Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков Германияға іссапары барысында Германия канцлері Ангела Меркелмен кездесті. Кездесу барысында екі ел үкіметі 10-нан астам құжатқа қол қойды.
Сооронбай Жээнбеков Германияға сапарын қортындылады, оның айтуынша, кездесу сәтті өткен.
"Біз осы сапар барысында қырғыз-неміс бизнес форумын өткіздік. Экономикалық байланысымызды одан әрі дамытып, жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Нәтижесінде, екі ел үкіметі мен ведомствосы арасында 10-нан астам құжатқа қол қойды. Сонымен бірге, екі елдің кәсіпкерлері де бірқатар келісімдерге келді. Олар құны 1 млрд еуроны құрайтын келісімге қол қойды", - деді қырғыз президенті.
Сондай-ақ, ол Қырғызстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары сауда-экономикалық, гидроэнергетика, өнеркәсіп, жасыл экономиканы дамыту, ауыл шаруашылығы және туризм екенін атап өтті. Сонымен бірге, Қырғызстан үшін неміс инвестициясын тарту, шағын және орта бизнеске қолайлы орта жасау, ауыл шаруышылығын дамытудың мыңыздылығына тоқталды.


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?