Еуропалық Одақ АҚШ-пен сауда байланысын нығайтпақ.
Франция Еуропалық Одақ пен Құрама штаттарының байланысына қарсы болғандықтан, АҚШ тарапы сауда келіссөздерін бірнеше айға шегерген. Бүгін де бұл ел қарсы дауыс беріп, Бельгия қалыс қалғанымен, Еурокомиссия екі бағыт бойынша келіссөз жүргізбек. Бұл өндірістік тауарлар тарифтерін азайту және қос тарап өндірушілерінің стандарттарын үйлестіру мақсатында қолға алынады.
Қос тарап байланысына қатысты Еуроодақтың сауда бойынша комиссары Сесилия Мальстрем: "Экономикалық талдау өндірістік тауарларға баж салықтарын азайту келісімі Еуропалық Одақтан АҚШ-қа экспорт мөлшерінің 8% артуына, ал АҚШ-тан одаққа экспорттың 9% өсуіне әкелетінін көрсетті. Ауыл шаруашылығы мұндай келісөздерде талқыға салынбайды", - деп мәлімдеді.
Осыған дейін Дональд Трамп Еуроодақтың Airbus компаниясына субсидия бөлуіне жауап ретінде еуропалық тауарларға баж салықтары енгізілетіні туралы хабарлаған еді. Осы мәлімдемесі оның Твиттер парақшасында жарияланған болатын. АҚШ пен Еуроодақ басшылары Уашингтонда соңғы рет кездескенде бұл саланы келіссөздерден толық шығаратынын айтқан.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр