Сенат Қазақстанның қару-жарағын Тәжікстанға беру туралы заң жобасын мақұлдады
Қабылданған заң жобасына сай, Қазақстан қару-жарақты Душанбеге жеткізу шығынын өзі өтейді, ал Тәжікстан қаруды үшінші қолға өткізбеуге міндеттеледі. Сонымен қатар, Қазақстан Тәжікстанға бір рет қару-жарақ, әуеден зақымдау құралдары, артиллериялық құралдар, радиациялық, биологиялық, химиялық қорғаныс мүліктері, тыл және медицина мүліктерін береді. Оның айтуынша, бұл қадам Қазақстан әскері мен қорғанысына ешқандай залал тигізбейді.
Сенатор Талғат Мұсабаев: «Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасындағы жағдай күн сайын ушығып барады. Күнделікті ірі көлемде есірткі өткізбек болған террорлық топтармен атыс-шабыс орын алып отыр. Сондықтан да көршілер тарапынан тәжік елінің қарулы күштеріне көрсетілгелі отырған техникалық көмек дер кезінде жасалып отыр және бүкіл Орта Азияның қауіпсіздігін қамтамасыз етпек», – деп мәлімдеді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел