Бір күн бұрын Ауғанстанның Кабул қаласында болған террорлық шабуылдан 3 америкалық жауынгер және бір қаржыгер қаза тапқан.
Ауғанстан ресмилері тарабынан жасалған мәлімдемеде, шабуылдан тағы үш АҚШ әскерінің жарақат алғаны айтылады Шабуылды елдегі Талибан қарулы ұйымы өз мойнына алған.
Ауғанстандағы АҚШ қарулы күштерінің жазбаша мәлімдемесіне қарағанда, террорлық шабуыл жарылғыш тиелген көлік арқылы жасалған. Қарулы топ мүшелері жарылғыш тиелген көлікті Кабулдағы Баграм әуе базасына жақын маңда жарып жіберген. Аталған әуе базасы АҚШ-тың Ауғанстандағы ең ірі әскери базасы саналады.
АҚШ-тың Ауғанстандағы арнайы өкілі тәліптермен келіссөз жүргізуге барынша күш салуда. Ауғанстан үкіметі де Бейбітшілік көшбасшылық кеңесі атты жаңа коалициялық кеңес құрып, тәліптермен келіссөзге дайындалуда. Соған қарамастан, елдегі тәліптердің қарулы шабуылдары тоқтамай келеді.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр