Ресейден тасымалданатын ет өнімдерінен антибиотиктер анықталды. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мәлімдеді.
2019 жылдың І тоқсанында комитет ет өнімдерінің 268 түрі зерттелінген. Зерттеу қорытындысы бойынша, Ресейден импортталатын ет өнімдерінің құрамында бірқатар медициналық антибиотиктер анықталған. Мәлімдемеде айтылғандай, «Ет өнімдерінің 40 түрінде түрі бойынша спецификалық ДНК фрагменттері анықталды. Өнімнің қаптамасында оның бары туралы хабарланбаған. Ең бірінші кезекте, аталмыш фрагменттер үйдегі мал мен құс өнімдерінен табылып отыр. Сонымен бірге, кремді-кондитерлік өнімдердің құрамындағы белсенді биологиялық қоспаларға назар аударып отырмыз. Жеміс-жидектердің бәрі бақылауда. Ет өнімдері дегеніміз – шұжық және әлбетте, шикі мал еті. Осы ретте мал етінен алты түрлі антибиот қосылған».
Антибиотиктердің қалдық мөлшерін анықтау бойынша құрамын бақылау мақсатында ет консервілерінің, құс шаруашылығы өнімінің, сүт өнімінің 800 сынамасы зерттелген. Мәліметтер бойынша, алты өнім сынамасында тетрациклин, левомецитин, бацитрацин анықталған. Олардың басым бөлігі ресейлік «ФинИнвест», «Птицефабрика Среднеуральская», «Уральская мясная компания», Агрофирма «Боровская», «Здоровая Ферма Деликатесы» компанияларының өнімдері.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел