Судан халқы президент Омар әль-Баширдің отставкаға кетуін талап етуде.
Reuters ақпарат агенттігінің мәліметінше, Судан астанасы Хартум қаласында мыңдаған адам елді 30 жыл билеген президент Омар әль-Баширдің отставкаға кетуін талап етіп ереуілге шыққан. Наразы халық Судан әскерін өздерін қолдауға шақырған.
2018 жылдың желтоқсан айынан бері Суданда 32 белсенді түрлі жағдайда көз жұмған. Ел президенті әл-Башир ақпан айының аяғында үкіметті отставкаға жіберіп, бір жыл мерзімге төтенше жағдай жариялаған. Бұдан бөлек ол отставкаға кетуден бас тартып, «қарсыластарым сайлау арқылы билік басына келуі тиіс» - деп мәлімдеген.