Boeing 737 MAX ұшағының құлау себептері анықталды, – деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Мәліметтер бойынша, Аддис-Абеба маңында құлаған Boeing 737 MAX жолаушылар әуе кемесінің ұшқыштары ережеге сай іс-қимыл жасаған. Сараптаманың алғашқы ресми қорытындысына сәйкес, апат алдында әуе кемесінің тұмсығы төмен тарта берген. Сол себепті Эфиопия билігі Boeing шығаратын компания басшылығын жаңа әуе лайнерін тексеруге шақырған. Аталған жағдайдан кейін «Boeing 737 MAX» ұшағына тыйым салған елдердің қатары артты. Осыған дейін Ұлыбритания мен Франция ұшақтан бас тартса, Малайзия, Австралия, Индонезия, Қытай мен Сингапур билігі әуе кемесін бұдан былай сапарға шығармайтын болды. Кей мемлекеттер аталмыш типті ұшақтарды қайта бақылаудан өткізу туралы шешім қабылдаған.
Естеріңізге салайық, 10 наурызда Дэбрэ-Зэйт қаласы маңында «Ethiopian Airlines» компаниясына тиесілі «Boeing 737 Max» ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан 157 адам көз жұмған. 2018 жылы қазан айында Индонезияда тап осы модельді лайнер құлап, 189 жолаушы қаза тапқан еді.""
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?