Өткен аптада Қытай төрағасы Ши Жинпиң Еуропаның бірнеше елінде ресми сапармен барып, Еуропадағы Қытайдың саяси-экономикалық қадамдары үшін ең негізгі кедергілерді жеңілдетуге тырысқан еді. Алайда, 1 сәуір күні Еуропалық Комиссия төрағасы Юнкер мәлімдеме жасап, Қытайдың сауда саясатын сынға алды.
Юнкер комиссия мүшелеріне Парижде Қытай басшысымен кездесуде айтылған пікірін жеткізді. Ол Қытай басшысына: «Қытайлық компаниялар Еуропалық нарыққа кіре алады. Алайда, біздің компаниялар Қытай нарығына еркін кіре алмайды. Біз бұл жағдайды жалғасты сақтай алмаймыз», – деген. Оның айтуынша Қытай өз нарығында Еуропалық компанияларға шектеу қояды, ал Еуропада Қытай компанияларына шектеу жоқ.
ЕК төрағасы Қытайлық компаниялардың Еуропадағы инвестициясы ЕО-ның сыртқы саясаттағы мақсаттарына кедергі келтіріп отыр. «Қытай компаниясы Еуропада порт құрылысына инвестиция салғаны үшін, еуропалық елдер Қытайдың адам құқығын қорғау саясатын айыптай алмаса, бұл орынды емес», – деді Юнкер.
ЕО-ға мүше елдер арасында Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жобасына қатысты пікір қайшылығы бар. Айталық, Италия ЕО мен G7 мүшесі бола тұра және өзге одақтас елдердің наразылығына қарамастан өткен аптада Қытайдың аталмыш жобасы туралы меморандумға қол қойды.
Юнкер егер шарттары дұрыс болған жағдайда Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жобасына қарсы емес екенін айта келіп: «Егер бұл жобаның құрылыс алаңдарында тек қана қытайлық жұмысшылар мен инвесторлар ғана емес, еуропалық қызметкерлер де болатын болса, онда жобаны қолдауға болады», – деді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер