Ресей мен Израиль басшылары телефонда Таяу Шығыстың ең негізгі тақырыптарын талқылады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі арнайы мәлімдеме жасаған.
Ресей президенті Владимир Путин Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға қоңырау шалып, бірқатар маңызды мәселелер жөнінде әңгімелескен. Айталық, сөйлесу кезінде Ресей-Израиль арасындағы әскери байланыстар, ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ, Таяу Шығыстағы күрделі мәселелерді талқылаған.
Бұдан кейінгі Кремль хабарында, ертең, 4 сәуір күні Нетаньяхудың Мәскеуге қысқа мерзімдік сапармен келетіні айтылған.
Осыдан бұрын Нетаньяху Владимирге «Сүрия дағдарысын шешудің жаңа жобасын» атты Таяу Шығыс дағдарысына қатысты тың жобаны ұсынды деген мәліметтер тараған. Алайда, Кремль тарабы бұндай мәліметті жоққа шығарып, Сүрия дағдарысы ашық әрі ортақ шешім табатынын айтқан.
Соңғы кездері Израиль мен төңірегіндегі араб елдері арасындағы қайшылық тағы бір сатыға жоғарлады. Бұған Құрама Штаттардың президенті қол қойған "Долан жотасын" Израиль территориясы ретінде мойындалған құжат себеп болған еді.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі