АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге Венесуэладан шығып кетуді ескерткен еді. Ресей тарабы бұған қарама-қарсы мәлімдеме жасап, АҚШ-тың Сүриядан шығып кетуін талап етті.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Мария Захарова ресми телеарнасында АҚШ-қа қаратқан сөзінде: «Өзгелерге ескерту жасаудан бұрын өздері Сүриядан шығып кетуі керек», – деді.
Осыдан бұрын Трамп Венесуэла оппозициясының жетекшісі Хуан Гуайдоның жұбайын Ақ үйде қабылдаған кезде Мәскеудің Венесуэлаға ісіне араласуы туралы пікірін білдірген еді. Трамп сөзінде Ресейге Венесуэладан шегінуді ескерткен.
Ресей СІМ өкілінің айтуынша АҚШ халықаралық қауымдастық алдындағы уәдесін орындамай отыр. Трамптың Ресейге жасаған ескертуін сынға алған Захарова АҚШ президентінің Израиль мен Сүрия арасындағы даулы территорияға байланысты шешімін де айыптаған.
Хабарға қарағанда 24 наурыз күні бір ресейлік әскери тасымал ұшағы мен соғыс ұшағы Венесуэланың орталық қаласы Каракасқа қонып, 100-ден астам жауынгер мен 35 тонна зат жеткізген. Бұған дейін де Венесуэлада Ресей күштерінің бар екені туралы айтылып келген еді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті