Тоқаев: «Астана атауын өзгерту - тарихи оқиға» - деп мәлімдеді.
Бүгін Астана қаласында президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыс және қала әкімдері мен үкімет мүшелерін қабылдады. Қабылдау барысында Тоқаев Астана қаласының атауын өзгертуге қатысты мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысының сөзінше, Астана қаласы мен көше аттарын өзгерту тарихи оқиға.
Бұдан бөлек президент министрліктер мен ведомства басшыларына елорда атауының өзгеруіне байланысты жұмыстарды реттеуге тапсырма берді. Ал үкіметке электронды және туристік визаларға қатысты нормативті-құқықтық актілерге өзгертулер енгізуді тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айының 20-ы күні Қазақстан халқы алдында ант беру рәсімінде Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынған. Кейіннен оның бұл ұсынысын парламент депуттары бір ауыздан қолдаған. Наурыздың 23-і президент Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгертуге қатысты қаулыға қол қойған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?