Мұнай бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы тағы да көтерлген. Лондондағы ICE Futures биржасында мамыр айында жеткізілетін «Brent» маркалы мұнайдың фьючерстері 0,59 долларға қымбаттап, 68,3 долларға жеткен. Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) сәуір айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,8 долларға көтеріліп, бір баррелі 59,83 долларға жетті.
2017 жылы Қазақстан мұнайының орташа бағасы тоннасына 44 мың теңгеге жетіп, 13,6%-ға қымбаттаған болатын. осылайша, жыл сайын отандық қара алтын бағасы қымбаттап келеді. Қазақстан экономикасы мұнай нарығына тәуелді болғандықтан, шикізат бағасының арзандап немесе қымбаттауы маңызды. Себебі ел билігі әзірге экономиканы қуаттандыратын бұдан басқа салаға әлі бет бұра алмай отыр.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел