Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап жазбақ.
Мәсімов: «Нұрсұлтан Әбішұлы – ұлы адам. Ол туралы кітап жазамын, оны «Елбасы көмекшінің көзімен» деп атаймын. Кітап қызықты болады. Парақтары «жабық» қызық кітап болады», – деді.
2011 жылы Мәсімов: «2007 жылы қаңтарда, Нұрсұлтан Әбішұлы, мені алғаш рет премьер-министр етіп тағайындадыңыз. Сол кезде қандай қызметте болсам да, сіздің адал көмекшіңіз боламын деп уәде берген едім. Нұрсұлтан Әбішұлы, бүгін қайта айтқым келіп тұр: мен әлі де сіздің көмекшіңізбін, әлі де шәкіртіңізбін. Қазақстанды дамыту бойынша үлкен істерді жүзеге асыруға менің де қатысуыма мүмкіндік бергеніңізбен мақтанамын», – деген болатын.
2016 жылы 8 қыркүйекте ҰҚК басшысы болып тағайындалған Мәсімов премьер-министрдің қызметінде болғанына қарамастан өзін президенттің көмекшісімін деп бірнеше рет ағынан жарылған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел