Бір күн бұрын Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Қазақстанның Ирандағы төтенше және өкілетті елшісі Асхат Оразбайды қабылдады. Кездесуде Лариджани екі ел арасындағы сауда байланысын дамыту мақсатында банктер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуді қолға алатынын айтқан.

Лариджани мен Асхат Оразбай кездесті. Фото: parstoday.
Кездесу кезінде Асхат Оразбай мен Лариджани Қазақстан-Иран арасындағы келісімдердің импорт пен экспорттың артуына ықпал етіп отырғанын айтқан. Сауда-экономикалық байланысты тіпті де жандандыру үшін Иран тарабы екі елдің банктері арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге үміткер.
Асхат Оразбай Қазақстан-Иран арасында әуе рейсі қайта ашылғанын жеткізді. Жаңа рейс Теһран мен Алматы-Астана арасында ұшатын болады.

Хасан Рухани жаңа табиғи газ аймағының ашылуында мәлімдеме жасады.
Жақында Иран президенті елінің оңтүстігінде жаңа табиғи газ аймағының ашылуында Теһран билігінің көрші елдермен қарым-қатынасты дамытуды мықтап қолға алғанын баса айтты. Бұл әрине Иран-Батыс қатынасының дағдарысына, әсіресе АҚШ-тың экономикалық санкцияларының күшеюінен кейін ИИР билігінің жаңа стратегиясы деуге болады. Бұл ретте Иран өңірдегі кейбір бәсекелес араб елдерімен де қарым-қатынастың жаңа бағытын ұстанатынын да білдіріп отыр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Бесеудің соты: Қазақстандағы жаңа саяси репрессияның көрінісі