Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында екі мешітке қарулы шабуыл жасалып, 49 адам қаза тауып, 20 адам ауыр жарақат алған. Жергілікті полициясы 4 қылмыс күмәндісін қолға алған. Тінту кезінде олардың тұрағы мен автокөлігінен жарылғыш заттар мен қару-жарақ табылғаны айтылады.

Қазір Крайстчерч қаласындағы мешіттер уақытша жабылды. Тағы бір мешіттің маңынан жарылғыш тиелген көлік табылғаны да қауіпсіздік тараулары жағынан хабарланған.

Жаңа Зеландияның үкімет басшысы Жасында Ардерн ханым мәлімдеме жасап, кезекті оқиғаны «террорлық шабуыл» деп бағалады, әрі ел тарихындағы ең қаралы күндердің бірі» деп мәлімдеген.

Жаңа Зелендия қауіпсіздік тараулары жергілікті қала тұрғындары үйлерінен шықпауға кеңес беруде. Әрі әлеуметтік желіде тарап жатқан кейбір видео-аудио материалдардың жалған екенін айтады.

Қазірге дейін қарулы шабуылдың мақсаты және оны жүзеге асырушылардың саны мен салауаты толық анықталып болмаған. Алайда, жергілікті ақпарат агенттігі мешітке қару алып кіріп оқ жаудырған ер адамның "аустралиялық ашынған ұлтшыл" екенін жазып жатыр.

BBC-ның арнаулы хабарында, қарулы шабуылдың 20 минутқа созылғанын, қарулы ер адам мешітке кіріп ең алдымен намаз оқып жатқан ерлерге оқ жаудырады, кейін мешіттегі әйелдерге арналған бөлмесіне кіріп оқ атады. Ал, «әл-Нұр» мешітінде оқ атылғаннан кейін адамдар жан сауғалап қашу кезінде адам бастырылуы болғанын куәгерлер жеткізген. Аталған ақпарат агенттік хабарында: «Жергілікті полиция аймақта ауқымды операцияларды іске қосты», – деп мәлімдеді.

“The Qazaq Times”