Кеше, Ауғанстанның Қазақстандағы елшісі Мұхаммад Фархад Азимимен кездескен ҚР СІМ басшысы Атамқұлов Ауғанстанмен қарым-қатынасты нығайта түсетінін мәлімдеді. Бұл Туралы ҚР СІМ-нің ресми сайтында хабарланған болатын.
СІМ басшысы Бейбіт Атамқұлов кездесуде Қазақстанды Ауғанстанның бейбітшілік процесі мен қайта қалпына келтіру ісіне үлес қосып келе жатқан ел ретінде бағалады. Әрі Ауғанстанға астық пен астық өнімдерін экспорттау, темір жол және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ, білім беру саласындағы ынтымақтастықты жалғасты сақтайтынын айтқан.
Атамқұлов пен Азимидің кездесуінде Қазақстан-Ауғанстан арасында әскери техникалық ынтымақтастық қолға алынуы мүмкін екені айтылған. Өзінің кезегінде Азими де қазақ билігі мен басшысына еліне көңіл бөліп отырғаны үшін алғысын да білдірген.
Қазір Ауғанстан жағдайында күрделі өзгерістер болып жатқаны белгілі. Онда державалар ойын ережелерін жаңалап, қадамдарын жиілете түсті. Әлемдік геосаясаттың кеңістігінде Ауғанстан тақырыбы жиі талқыланып, ойынға қатысушы елдер көбейе түсуде. Бұл ретте қазақ билігі де өзінің өңірдегі рөлін көрсетуі орынды деуге болады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді