24 ақпан күні Қазақстан қор биржасының ресми сайтында күндізгі сессияның қорытындылары жарияланған болатын. Осы аптадағы нарықтағы теңгенің бағамы мен доллар құнын kase.kz сайтында жарияланған ақпарат бойынша назарларыңызға ұсынамыз.
Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін Қазақстан қор биржасында 24 ақпан Ресей Федерациясында мереке күні (Отанды қорғау күні) болғандықтан, RUBKZT_TOD және RUBKZT_TOМ құралдарымен сауда-саттық жүргізілген жоқ.
Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа
сараланған бағамы 311,32 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі –
126 350 мың АҚШ долларын құрады;
- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер
жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде
баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі еуромен Т+1 және Т+2 теңге және Т+2 АҚШ доллары
бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE
сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі теңгемен Т+1 және рубль бойынша мәмілелер жасалған жоқ,
сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер
тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+1 теңгемен қытай юанінің (CNYKZT_TOM) орташа
сараланған бағамы бір юаньға 45,4440 теңгені, сауда-саттық көлемі –
бір юаньға – 250 мың юаньді құрады.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ
долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 312,65 теңгені
(-1,44 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 204 250 мың
(-203 500 мың USD).
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық
+12,0000 % % құрады, ұсыным – жылдық +4,0000 %;
- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған бағамының кірістілігі
сауда-саттық көлемі жылдық 997 000 мың USD болған жағдайда
+5,0937 %;
- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған
жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға
белгілеулер болған жоқ.
Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.
«The Qazaq Times»