Алматыда «Рахат палас» қонақ үйінің маңында атыс болып, 4 күдікті ұсталды. Бұл туралы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.

Ведомство өкілдері: «Алматы қалалық Полиция департаменті 7 наурызда Алматы қаласының Бостандық ауданында орын алған қылмыстың ашылғанын хабарлайды. Күдіктілер ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деп хабарлады.

Мәліметтер бойынша, атыс Бостандық ауданына қарасты Сәтпаев Байзақов көшесі қиылысындағы қонақ үйлердің маңында болған. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сол күні бірнеше ер адамның Gelandewagen көлігінің жанында топтасып тұрғаны, кейіннен белгісіз біреудің оларға қарата оқ жаудырғаны бейнекамераға түсіп қалған. Видео инстаграм әлеуметтік желісінде жарияланды.

"The Qazaq Tımes"