Бүгін еліміздің басым көп өңірінде ауа райы құбылмалы және жауын-шашынды болатынын «Қазгидромет» мәлімдеді. Ауа райын болжаушы мамандар, елдің кей өңірлерінде тұман түсіп, көк тайғақ болатынын, солтүстік өңірлерде қар түсіп, кей аймақтарда қарлы боран болатынын айтады.
Синоптиктер кезекті ауа райының өзгерісін атмосфералық ағыстардың әсерінен екенін айтады. Ақмол, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында қарлы боран болуы ықтимал. Бұндай қолайсыз ауа райы Павлодар облысында да қайталануы мүмкін. Бұрқасын мен көктайғақ болып көлік қозғалысына қиындық әкелетінін ескертеді.
Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс және батыс аймақтарда тұман түсіп желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді деп болжайды мамандар.