Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Венесуэла мәселесі бойынша АҚШ-тың әрекеттерін айыптады. Ресей СІМ басшысы АҚШ билігін Венесуэланың заңды үкіметіне қарсы үркіту-қорқыту әрекеттеріне барғанын, бір елдің ішкі ісіне араласуы халықаралық ережелерге қайшы екенін айтқан.
Ресей Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде, Сергей Лавров АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен телефон арқылы сөйлесіп, Венесуэла мәселесін талқылаған.
Сергей Лавров АҚШ-ты гуманитарлық көмек арқылы елдің ішкі істеріне араласты деп айыптады. Лавров Венесуэла дағдарысын БҰҰ ережелері негізінде шешу керек деген ұсыныс тастаған.
Сөйлесуде тараптар Сүрия, Ауғанстан және Солтүстік Корея мәселесінде де байланысты сақтауға келіскен.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау