Бір күн бұрын, Иран астанасы Тегеранда «Палестина интифадасын қолдау» атты халықаралық конференция өтті. Бұл конференция осымен алтыншы рет ұйымдастырылып отыр. Талқы кеңесіне қатысқан әр қайсы тарап, ислам әлемінің бірлігін Палестинаның жеңіске жету жолы деп атады. Бұл туралы "Парсы-Ақпарат" хабарлап отыр.
Конференцияға қатысқан Ресей шииттер қоғамының басшысы Низами Балогланов, Иран Ислам революциясының жетекшісі Аятолла Хаменейдің баяндамасын алқады. Ол сөзінде: « Ислам революциясының жетекшісі бұл жолы, сионизм режимінің Палестинаға қарсы қастандықтарын еске салып, әлемдік сионизм деген сұм құбылысқа қарсы күресу стратегиясын жасады», – деген болатын. Ол және Иран ақпарат құралдарына берген сұхбатында: «Иран Ислам республикасының іргетасын қалаушы имам Хомейни Құдс әлемдік күнін белгілеп, Палестинаны ислам әлемінің басты мәселесі ретінде қалыптастырды. Сондықтан ислам елдері басқыншылардың торына түскен палестиналықтарға көмектесу үшін осы саясатты үлгі тұтуы керек. ДАИШ пен Джабхат ан-Носрат сынды лаңкестік топтар ислам әлеміндегі Палестина мәселесін ұмыттыруды көздеген Израильдің қастандық жобаларының маңызды бөлімі», – деген көзқарасын айтқан.
Кеңеске қатысқандар, қазіргі таңда ислам елдерінің күш-қуаты израил мүддесіне құрылған лаңкестік топтармен күресуге жұмсалып отырғанын, осы әлемді дүбірге салған лаңкестік топтарды Израильдің дайындап, ислам елдеріне қарсы айдап салғанын, ал әлем болып осы лаңға ілесіп, шын мәнісіндегі Палестинаға жасалған қиянатты ұмытып барады деген пікірге тоқталды. Шындығында, «ДАИШ» қатарлы лаңкестік топтардың әрекеті күшейген кездерде Израиль мемлекеті Палестина жеріндегі қалашықтар құрылысын жеделдете түсті. АҚШ, Еуропа елдерінің бәрі Израильді қолдап, оның шекаралық сұғанақтарына көз жұмғанымен, ислам елдерінің босқындарының өз елдерінен пана сұрауына тосқауыл болып отыр. Сионизмның тақырыбын таратып айтпасақ та, өткен ғасырдың 90 жылдарынан бері қарай Орта-Шығыстағы дүрбелеңнің түпкі себебі не екенін бәрімізге аян.
“The Qazaq Times”