Тәжікстан шекарасы маңында 17 мың содыр жүр.
26 ақпан күні Орталық Азия, Ресей және Ауғанстан елдері шекара қызметі басшыларының бас қосуында Тәжікстан шекара қызметінің төрағасы Ражабәли Рахмонәли мәлімдеме жасады. Онда ол Ауғанстанмен арадағы шекара қауіпсіздігі жөнінде айта келе:
«Ауғанстанның Бадахшан, Құндыз және Тахор аумағында 16 770 содыр бар. Олардың 6 330-ы шетелдік жалдамалы баскесерлер. Қазіргі уақытта аймақта «Талибан», «Ансоруллах», «Түркістан ислам қозғалысы» және «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымдары 37 әскери лагерь құрып, сонда ұрыс тәсілдерін пысықтауда» - деп мәлімдеді.
Тәжік-ауған шекарасының жалпы ұзындығы 1344 шақырым. Тәжікстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Абдурахим Каххаровтың сөзінше, террорлық ұйымдардың бір аймаққа топтаса бастауына байланысты шекара күзеті күшейтілген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?