Иран СІМ басшысы отставкаға кеткенін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы мәлімдеген болатын. Мұхаммед Жевад Зариф Иранның сыртқы істер министрі ретінде 4 жылға жуық уақыт қызмет еткен.
«Ғазиз де батыл Иран халқы мен құрметті лауазым иелерінің маған осынша уақыттан бері маған кішіпейілділік танытқаны үшін алғысым шексіз. Міндет барысында кеткен кемшілік, қателіктерімнен кешірім өтінемін», – деген Зариф өзінің СІМ басшысы қызметінен қол үзетінін жеткізген.
Иранның аталған министрлігі ресми баспасөз мәжілісін өткізіп, министр Зарифтің отставкасын растады, бірақ оның қызметтен кету себебін ашалап айтпаған.
Бұл хабар тарағаннан кейін Израильдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху тілшілерге берген жауабында, Зарифтің отставкасы үшін қуанатынын айтқан. Ол сөзінде: «Зариф кетті, біржола кетті. Мен өз қызметімде тұрады екенмін Иран ешқашан ядролық қару өндіре алмайды», – деген.
Зарифтің СІМ басшысы қызметі Иранның халықаралық саяси-экономикалық қысымдарға тап болуымен қатар болды. Айталық, Трамп билікке келгеннен кейін Иранмен жасасқан ядролық келісімдерден бас тартып, экономикалық санкцияларды қайта іске қосқан болатын. Сонымен қатар Иран мен Сауд Арабиясы және Израиль қатынасы Йемен, Сүрия соғыстарына байланысты нашар күйге түскен еді.