The Independent басылымы әлемдегі ең қызықсыз деген он мамандықтың  тізімін жасап шығарды. Тізім 1300 әртүрлі кәсіп иелерінің пікірлері негізінде жасалған. Бұл туралы korrespondent.net хабарлайды.

Рейтингтің көшін заңгер мамандығы бастап тұр. Заң саласында қызмет ететін әрбір 10 адамның 8-і өз қызметтерінің іш пыстырарлық екендігін жеткізген.

Екінші орында «жобаларды басқару» (менеджмент) саласы, ал үштікті «қолдау функцияларын» атқаратын сала бекітті.

Одан кейнгі тізімде мыналар бар: қаржылық басқылау (басқару) (68%), консалтинг немесе аккаунтинг (67%), қаржылық сервис және банкинг (67%), инженерия (64%), сауда (61%), маркетинг және коммуникация (60%), сонымен қатар  IT-саласы (56%).

«The Qazaq Times»