Құрметті оқырман! «Шыңжаң телевизиясының» қазақ телевизия арнасы (қазіргі 3 арна ) жұмыс бастағаннан бері, ұлт игілігі жолында еселі еңбек етіп келеді. Телевизия ұжымы жоқтан құралып, аздан көбейіп, үздіксіз тәжірибе жинау арқылы, бүгінгідей кәсіби биік деңгейге қол жеткізді. Қазақ ұлтының өткені мен бүгініне, болашағына қатысты сан тақырыпқа назар аударып, оларды өшпес тарих бедеріне айналдырып жатқан Шыңжаң 3 телеарнасы әлі де қажырлы қызметін жалғастыра бермек.
Жақында "The Qazaq Times" порталы телеарна түсірген біраз өнімдерді алған еді. Алдағы уақытта осы телеөнімдерді назарларыңызға ұсынып отыратын боламыз. Солардың алғашқысы ретінде телеарнаның «Отыз жылдың өрінде» атауымен топтастырған деректі фмльм таңдамаларын оқырман назарына ұсындық. Бұл деректі фильмдер Шыңжаң өлкесінде және оған іргелес өңірлерде өмір сүріп жатқан қазақ халқының сан-салалы өмірін арқау етеді.
Жоба авторлары: Қанат Ережепұлы, Яң Хұңшин.
Жауапты редактор: Бекеш Зейнеұлұлы.
Дыбыс бейне-өнім продюссері: Мұрат Обұлқасым.
«Отар көш» филімін жасаған шығармашылық топ туралы:
Оператор-сценарист: Сағат Мүтәліпұлы.
Мәтінін оқыған: Иүсіпқан Караба.
Дыбыс режиссері: Еркін Шәріпқанұлы.
Жауапты редактор: Зейнолла Шәкербай.
Ескерту: Сайттың youtube.com каналындағы фильмдерін өшіріп алуға боламайды.
"The Qazaq Times"