Exyn Technologies компаниясының программистері ешбір GPS-тің көмегінсіз ұшуға мүмкіндік алатын жасанды интеллектісі бар дрондарды ойлап тапты. Осындай технологиямен өңделген көліктердің сенсорларының көмегімен қараңғыда да балансты ұстап тұруға мүмкіндігі көп. Бұл туралы hi-news хабарлайды.

«Дрондарға осындай интеллект жасап шығу, жүргізушісіз көліктерге орнатылатын аналогті программаларға қарағанда өте қиын», – дейді стартап басшысы Виджай Кумар.

Дрондар картаға кірмеген кедергілерге тап болуы мүмкін. Жасап шығарушылар мұны да ескерген. Оның үстіне ішінде жүктері бар ақылды автономды аппараттың қуат күшін және тағы басқа пункттер бойынша арнайы сенсорлары белгі беріп тұрады.

Exyn Technologies стартапының негізін қалаушы Виджай Кумар  аталмыш жасанды интеллекті кез келген пилотсыз ұшақтарға орнатуға болатынын айтады.

Қазір  жасанды интеллекті жасаушылар оған топпен жұмыс істей алатындай, яғни белгілі бір тапсырмаларды орындауға «үйретіп жатыр».

«The Qazaq Times»