Францияда «сары жейделілер» ереуілі саябырсыған тұста, мыңдаған адам антисемитизмге қарсы ереуілге шықты. Бұл туралы lefigaro.fr хабарлады.
Парижде басталған ереуіл елдің өзге де алпыс қаласында жалғасын тапқан. Наразы топ қатарында солшыл және оңшыл партия өкілдері, олардың ішінде экс-президенттер Франсуа Олланд пен Николя Саркози бар. Қазіргі уақытта ереуілге шыққан елуден астам саяси партия, кәсіподақ және ассоциация өкілдері тергеуге алынды.
Сейсенбіде Францияның премьер-министрі Эдуард Филипп L' Express журналына сұхбат беріп, ел үкіметі әлеуметтік желілердегі жеккөрушілік көріністерінің алдын-алу мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізетінін хабарлады. Өз сұхбатында ол антисемитизм француз қоғамындағы ең үлкен қауіп екенін айтты.
Айта кетейік, Франциядағы еврейлер қауымы Еуропадағы ең ірі топ: кем дегенде 550 мың адам. Ресми статистикаға сәйкес, Францияда антисемиттік бағытқа қарсы шабуылдар мен қақтығыстар 74%- ға өскен. Мәселен, 2017 жылы 311, 2018 жылы 541 ереуіл орын алған.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті