Жапония Ресеймен визасыз режимді алып тастауы мүмкін. Бұл туралы Sankei.com хабарлады.
18 ақпанда Мюнхенде Жапония Сыртқы істер министрі Таро Коно мен Сергей Лавров визаларды жою мәселесі бойынша келіссөз өткізеді. Мәліметтер бойынша, Жапония консулдығы 90 күндік және қысқа мерзімді туристік визаны алушы ресейліктерге шектеу қояды. Бұл екі ел арасындағы Курил аралдарына қатысты мәселенің оңтайлы шешімін табу үшін де қолданылып отырған шара.
Курил аралдарына қатысты территориалды дау Ресей мен Жапонияның арасында әлі де шешімін таба алмай келеді. Жапония оңтүстікте орналасқан Итуруп, Кунашир, Шикотан және Хабомаи аралдарын өздерінің тарихи тиесілі жері санайды. Ал Ресей Кеңес Одағы бұл аумақты Жапонияның Екінші Дүниежүзілік соғыстағы жеңілісінен кейін заңды түрде алған деген тұжырымды алға тартады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті