Буэнос-Айресте Аргентина билігіне наразы халық ереуілге шықты.
Politico басылымының хабарлауынша, жергілікті тұрғындар қаржы тапшылығын айтып, ел президенті Маурисио Макри саясатын сынға алған. Қазіргі уақытта Аргентинадағы инфляция 47,6%-ға жетіп, экономикалық құлдырау кезеңі басталған. Ел Үкіметінің мәлімдеуінше, жақында қабылданған экономикаға қатысты жоспар бюджет дефицитінің көлемін азайтып, инфляциядан шығуға көмектеседі.
2018 жылы Аргентинада инфляцияның күрт артуы ұлттық валютаның құнсыздануына әкеп соқты. Мұның арты дефолтқа ұласса, экономикалық құлдырау басталады. Сол себепті маусымда Аргентина билігі қаржылық дағдарыспен күресіп, инвесторларды тарту мақсатында Халықаралық валюта қорынан 50 миллиард доллар көлемінде несие алу туралы келісімге қол қойған болатын.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?