Бүгін, 23 ақпан күні, Ирак арнайы әскери күштері Мосул қаласының батысын «Ислам мемлекеті» ұйымынан азат етті. Ирак әскери күтері Штурм Мосул негізгі әуежайы мен соған жақын әскери базаны басып алған.

Фото: South Front
Әскерилердің айтысына қарағанда Ирак арнайы лаңкестікке қарсы әскери қосыны бүгін түстен бұрын, «Ислам мемлекеті» ұйымының қолындағы Дагазрани әскери базасына таяу жерде лаңкестік күштермен сұрапыл ұрыс салған. Әскери операцияға қатысқан офицердің бірінің айтысына қарағанда, шайқас қиян-кескі болған. Екі жақ та бір біріне күшті от күшімен қарсы тұрған. Ұрыс басталып көп өтпей лаңкестер Мосул әуежайына қарай шегінген.

Фото: South Front.
Ирак жергілікті телеарнасы таратқан хабарда: «Жедел шабуыл группасы, федералдық полиция және лаңкестікке қарсы әскери күштер жұмылдырылған шабуыл арқылы Мосулдағы Дагазрани және Гази базаларын басып алды», – делінген. 2014 жылдан бері Мосулдағы әскери базалар «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының маңызды тірегі болып келді. Лаңкестікке қарсы тұруды жеделдету үшін АҚШ әуе күштерінің қолдауында Ирак қарулы күштері Мусолды азат етуді жалғастырып келе жатқанына да көп уақыт болды. Қаланың батысындағы Әскери базалардың талқандалуы аталмыш ұйымның Мосулдағы табан тірер тиянағын жойғанмен бірдей саналады.

Фото: CNN
“The Qazaq Times”

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр