Венесуэлада он мыңнан астам адам ел президенті Николас Мадуроның билігіне қарсы ереуілге шықты.
Каракас орталығына жиналған наразы топ билікте жаңа реформа жасап, мерзімінен тыс сайлаудың өтуін талап етті. Ереуілге Венесуэладағы оппозиция басшысы Хуан Гуайдо да қатысты. Гуайдо өз сөзінде: «Мадуро елде диктаторлық билік орнатты. Халық наразы, әлеуметтік жағдай төмен. Алдағы уақытта билік басына оппозициялық топ келсе, диктаторлық жүйені түбегейлі жояды», – деді.
Айта кетейік, АҚШ пен басқа да көптеген елдер Николас Мадуроны мемлекеттің заңды басшысы деп санамайды. Еуропарламент және өзге де мемлекеттер өткен аптада өзін президент міндетін атқарушы деп жариялаған Венесуэла оппозициялық Парламентінің көшбасшысы (Ұлттық ассамблея) Хуан Гуайдоны елдің лигитимді басшысы ретінде таныды. Ал Ресей және Қытай «диктатор басшы» атанған Маудроға қолдау білдірді.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр