Қазақстандағы 2019 жылға жоспарланған халық санағы 2020 жылға ауыстырылды.
Биліктің қаулысына сәйкес, республика аймағындағы азаматтарды тіркеу әрбір 10 жылда бір рет жүргізіліп отыру тиіс еді. Соңғы рет 2009 жылы өткен санақ 2019 жылы электронды формат түрінде жүргізілетіндігі сөз болған.
2017 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова болашаққа бағдар жасап, 33 жылдан кейін, Қазақстанда 24,5 млн адам өмір сүретіндігі туралы мәлімдеген болатын. Бірақ, соңғы жылдардағы экономикалық жағдайлар мен қоғамдағы көпбалалы отбасыларға жасалып жатқан жағдайдың тым төмендігінен мұндай статистиканың шығу-шықпауы екіталай екендігі рас.
Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін 2020 жылы Қазақстан халқының санын 20 млн-ға жеткізу қажет екенін айтқан. Бірақ, мұның қаншалықты орындалатындығы әзірге белгісіз. Себебі, былтыр ғана Ұлттық экономика министрі 1 шілдеде Қазақстанда 18 034,3 мың адам тұратындығын жариялаған. Бұл статистикаларға қарап отырып, 33 жылда 6 миллион адамға өсетін елімізде, келер жылға дейін 2 миллион адамның қосылатындығына сену қиын.
Халықтың өсуін көздеп отырған биліктегілер, көпбалалы отбасыларға 16000 теңге жәрдемақы беріп жарылқауда. Осыдан кейін, статистиканың қандай болатындығын елестетудің өзі де бұлыңғыр болашақтың еншісінде.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді