Германияның Тәжікстандағы елшісі Найтхарт Хефер-Виссинг ел билігінің бірнеше рет Германиядағы тәжік оппозиционерлеріне қатысты алаңдаушылық білдіріп, оларды экстрадициялауды талап еткенін айтты.
«Біз Тәжікстан билігіне тәжік оппозиционерлердің тарапынан жасалған қылмыс не заңсыз іс-әрекеттеріне байланысты нақты дәлелдері болса, бізге жіберуін айттық. Біз оларды тексеріп, шешім қаьылдаймыз. Германияда адамның кінәсін тек сот қана анықтайды» - деді неміс дипломаты.
Германия Тәжікстанда тыйым салынған "Ислам қайта өрлеу партиясының" қолдаушылары көптеп тұрақтаған Еуропа елдерінің бірі. Сондай-ақ, тәжік билігімен келіспеген ғалымдар мен журналистер де Германияны паналап жүр.
Сонымен бірге, неміс дипломаты Герман билігін босқындардың саяси көзқарасы қызықтырмайтынын атап өтті. Олар тек жергілікті заңдарды бұзғанда ғана жауапкершілікке тартылады деді ол.
Айта кетейік, Еуропа елдерінен баспана іздеушілердің саны 2015 жылдың күзінен бері көбейе бастады. Оған Душанбеде "Ислам қайта өрлеу партиясы" мен "24-тобының" террористік ұйымдар деп жариялануы себеп болды.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел