Қазақстан мен Ресейдің 41 миллион баррель мұнайы тиелген танкер Босфор мен Дарданелл маңында бұғатталды. Аталған жағдай 2018 жылы Түркия елінің бұғазды кесіп өту туралы шығарған жаңа ережесіне байланысты деп хабарлайды REGNUM.

Қазіргі таңда түркияның бұғазынан өту үшін 55 танкер өз кезегін күтуде. Оның ішінде 21 танкер suezmax болса, 26 танкер alframax санатына жатады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Анкара теңіз жолының ережесін күшейткен. Кемелердің санын өсіріп, олардың әрқайсысы тіркеме (буксир) пайдалануды міндеттеген. Осының салдарынан танкерлер арасында кептеліс орнап, астық тасмалдайтын теңіз көліктері де тығырыққа тірелді. Бұрын Қара теңіздегі мұндай кептелістер 5-6 күнге созылса, бүгінде 16 күнге дейін жетеді екен.

2019 жыл басталғаннан бері Қара теңіз аймағындағы кептеліс рекордтық көрсеткішке жеткен.

Ал, осы жағдайға байланысты Ресей Федерациясы да Түркияға қарсы қысым көрсетуге тырысып бағуда. Қазіргі таңда қысқа мерзімде Түркиядан Ресейге іс-сапарға шығатын жүк тасмалдаушы көліктердің жүргізушілеріне берілетін визаға тосқауыл қойды.

"The Qazaq Times"