Украина Мемлекеттік шекара қызметі азаматтарына уақытша Беларуссияға шықпауға шақырып отыр. Мұның басты себеі Ресей Федерация мен Беларусь әскерилері қосыла жаттығу жасап жатқан көрінеді.
Украина Мемлекеттік шекара қызметінің спикері Олег Слободян тікелей эфир барысында: «Беларуссия мен РФ арасындағы ауқымды жаттығу жиыны шекаралық аймақтағы бірнеше аудандардың жағдайын қиындатып жіберді. Себебі РФ қарулы күштері Беларуссия шекарасын толықтай тастап кеткен жоқ. Сонымен қатар, Ресейліктер онда өздерін еркін сезінетіндіктерін де жақсы білесіздер. Осыған байланысты барлық жағдай қалыпқа келмейінше, шекарадан шықпауларыңызды сұранамыз. Қазіргі таіда Ресейліктер мұның барлығын жақсы байқауда, сонымен бірге тұтқынға ұстау қауіпі де жоқ емес» деп мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың соңына қарай Керш бұғазында Ресейліктер Украина сарбаздарын тұтқынға алып, Порошенко 30 күндік соғыс жағдайын жариялаған болатын. 2014 жылдан бері қарым-қатынасы үзілген қос мемлекет қазіргі таңда салқын саясат ұстанып отыр.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті