Аустралия (Австралия) үкіметі белгілі қытайлық кәсіпкерлерге азаматтық беруден бас тартуда және тұрақты тұруға берілген визасын қайтарып алды. Бұл туралы бүгін «Sydney Morning Herald» басылымы хабарлады.

Аталған басылымның хабарына қарағанда, Аустралия үкіметі танымал бизнесмен және саяси донор Хуаң Шияңмоға Аустралия азаматтығын беруден бас тартты және сол елде ұзақ уақытқа туруға мүмкіндігі бар визасын қайтарып алды. Дегенмен, аталған басылымда үкімет шешімінің себебі туралы анық көрсетілмеген.

Аталған басылымның айтуынша, 2011 жылдан бері отбасымен бірге Сиднейде тұрып келе жатқан Хуаң Шияңмо Қытай компартиясымен тығыз қарым-қатынаста. Соған қарамастан, соңғы он жылда Аустралиядағы екі ірі саяси партияға қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Сондай-ақ, Аустралияның бұрынғы сауда министрі Эндрю Робтың сайлаушылар қорынан 100 мың доллар көлемінде көмек атаған. Алайда, Аустралия Жұмысшылар партиясының бір өкілі Қытай туралы сын-пікірін жариялағаннан кейін, Хуаң Шияңмо аталған партияға 400 мың АҚШ доллары көлемінде көмек беру уәдесін қайтып алған.

Аустралия көші-қон министрі Қытайлық танымал кәсіпкер туралы үкімет шешімін түсіндіруден бас тартқан. Ал, өзге де аустралиялық ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, қазіргі кезде  аталған қытайлық кәсіпкердің қайда екені белгісіз, аустралиядан шығып кеткенін және қайтып оралмауға шешім қабылдағаны туралы айтады.

“The Qazaq Times”