Еуропалық Одақ Венесуэла оппозициялық Парламентінің көшбасшысы (Ұлттық ассамблея) Хуан Гуайдоны елдің легитимді басшысы ретінде жариялау туралы ресми мәлімдеме жасады.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, одақ құрамындағы он екі ел Гуайдоны қолдайтынын айтқан. Ал Италия тарапы қарсылық білдіріп отыр. Осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп «Венесуэла халқы Николас Мадуро режиміне батыл қарсылық танытты» деп, Хуан Гуайдоға қолдау білдірген болатын. Трамп ұлттық ассамблеяны Венесуэланың «жалғыз легитимді билік органы» деп танитынын айтты.
Өткен аптада Испания, Германия, Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, Португалия, Австрия үкіметтері Мадуро сегіз күннің ішінде сайлау датасын анықтамаса, оппозиция лидері Хуан Гуайдоның билігін мойындайтынын мәлімдеді. Осыған дейін Гуайдоны Латын Америкасы елдерінің басым бөлігі, АҚШ, Канада Венесуэланың уақытша басшысы деп таныды. Ал, «диктатор басшы» ретінде танылған Николас Мадуроны Қытай, Ресей, Иран, Түркия, Куба қолдап отыр.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау