Сербиядағы желтоқсанда басталған халық наразылығы әлі күнге дейін басылар емес. Бұл жолы мыңдаған адам «Зейнетақыны қайтарыңдар!» ұранымен Белград көшелерін жауып тастаған.
Осыған дейін жергілікті халық «Сербия, оян!» деген шеру ұйымдастырып, үкіметтен Косовомен арадағы келісім бойынша толық мағлұмат беруді және ел президенті Александр Вучичтің биліктен кетуін талап еткен болатын. Белградтағы жоғары оқу орындарынан жиналған студенттер елде азаматтық және дауыс беру еркіндігінің жоқтығын айтып, «Диктатор кетсін!», «Кландық жүйеге жол жоқ!» сынды плакаттар ұстап шыққан. Оппозиция өкілдері билік Косовомен арадағы мәселеде ұлттық мүддені сатып кетті дейді. Егер билік халық мұңына құлақ аспаса, наразылық шерулері Сербияның өзге де қалаларында жалғасын таппақ.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы