Оңтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттары Кореядағы АҚШ қарулы күштерінің қорғаныс шығынын бөлісу туралы арнайы келіссөз өткен жылы 31 желтоқсанда аяқталған еді. Бұл келіссөз нәтиже бермегендіктен, тараптар аталған мәселе бойынша қайталай сөйлесуде. Дегенмен, қорғаныс шығындарын ортақтасу мәселесі бойынша АҚШ пен Корея арасында пікір қайшылығы болғанымен, екі ел әскери одақ ретінде әлі де бекем қарым-қатынаста екенін растап отыр.
Оңтүстік Кореяда АҚШ-тың 20-дан астам әскери базасы бар және 28 мың 500 жауынгері тұрады. Былтыр Оңтүстік Корея өз жеріндегі АҚШ әскерлерінің есебіне 850 млн АҚШ долларын бөлген еді. Құрама Штат болса биылғы жылы Оңтүстік Корея бұл қаржыны екі еселесе деп үміттенеді.
Құрама Штат бастабында Оңтүстік Кореядан 1,6 млрд АҚШ доллар қаржы бөлуді сұраған еді, келіссөз нәтиже бермегеннен кейін бұл санды 1,2 млрд-қа дейін қысқартты. АҚШ 850 млн АҚШ доллары жалпы қорғаныс шығыны жанында өте аз екенін алға тартса, Оңтүстік Корея америкалықтар жерді пайдаланғаны үшін ақы төлеп отырған жоқ деп налиды.
Осы мәселе бойынша Уашингтон мен Сеул 3 жылдан бір 10 мәрте келіссөз жүргізсе де, барлығы дерлік нәтиже бермеді. Кейбір тұлғалар АҚШ президенті осыған байланысты және Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унмен кездесуге орай Оңтүстік Кореядағы америкалық әскерлердің санын азайтуы мүмкін деп алаңдайды. Бұл алаңдаушылық көбіне-көп оңтүстік кореялықтарға тиесілі.
Биыл сәуір айына дейін Сеул мен Уашингтон аталған тақырып бойынша келісімге қол жеткізуі тиіс. Олай болмағанда америкалық әскери қызметкерлермен жұмыс істейтін шамамен 8700 кореялық жұмыссыз қалуы мүмкін.